“Қайнар”бөбекжай бала-бақшасы” жеке мекемесі
“Қайнар”бөбекжай бала-бақшасы” жеке мекемесі Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-1 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 1298 кв
Құрылыс ауданы – 287.2 ш/м
Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар.
Ғимаратта әдістемелік бөлме, саз-әуен залы, медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – қазақша.
Қуаттылығы – 100, тәрбиеленушілер саны - 65
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.
Балабақшаға 2 жас пен 4 жас аралығындағы балалар келеді.
Балалар Balabaqsha.SmartNation.kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.
2025-2026 оқу жылында балабақшада 3 топ жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі күнде балабақшада 8 педагог, 11 тех.қызметкер жұмыс жасайды.
Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 11. Кіре берісте пандус орнатылған. Дабыл түймесі орнатылған, тәулік бойы нысан күзетшілермен күзетіледі. Кіре беріс қақпаға домофон орнатылған.
Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.
Ән-күй залының жабдықталуы: фортопиано, музыкалық орталық.
Дене шынықтыру залы: доптар, үлкен доп, фишка, секртпе, шығыршық, бодментон, теннис, қап, арқан, ағаш баспалдақ, массаж кілемшесі, төсек пен жабдықталған.
Балабақшада ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.